Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көлеміндегі көмегінен бас тартты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31876-Қырғызстан_Қазақстанның_100_млн_доллар_көлеміндегі_көмегінен_бас_тартты
Қырғызстан Премьер-министрінің орынбасары Дүйшенбек Зилалиев баспасөз конференциясында: "Қырғызстан үкіметінің Қазақстаннан 100 млн доллар көмек алудың күшін жою туралы ел Парламентіне ұсынған жобасы бекітілді",-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 22, 2017 13:44 Asia/Almaty
  • Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көлеміндегі көмегінен бас тартты

Қырғызстан Премьер-министрінің орынбасары Дүйшенбек Зилалиев баспасөз конференциясында: "Қырғызстан үкіметінің Қазақстаннан 100 млн доллар көмек алудың күшін жою туралы ел Парламентіне ұсынған жобасы бекітілді",-деп хабарлады.

Ол Қырғызстанның енді бұл соманы қажет етпейтінін айтып: "Біз бұл қаржылай көмектен бас тартуға шешім қабылдадық. Бізге бұл ақша енді қажет емес. Қазіргі таңда 14 зертхананың құрылысы аяқталды. Қырғызстан осы объектілердің салынуынан көп пайда көре алады",-деп мәлімдеді.