Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекара қайшылықтары аяқталды
Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекара қайшылықтары екі ел премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының келісімге келіп, ынтымақтастық жол картасына қол қоюының нәтижесінде аяқталды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, келісімге Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Толкунбек Абдыгулов қол қойды. Келісім бойынша екі елдің шекаралары желтоқсанның 3 бастап, жұмысын бұрынғы қалпында жалғастырады.
Қырғыз Республикасы Вице-премьер-министрінің сапары Қырғызстанның жаңа сайланған Президенті Сооронбай Жээнбеков Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының (ҰҚШҰ) Минск саммитінде қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін орын алды.
Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынастарындағы қайшылық ежелден келе жатқан мәселе. Бірақ, қайшылықтар өткен айларда күшейіп, Астана үкіметі қазан айының 10 күні Қырғызстан шекарасында жолаушылар мен тауардың өтуіне шектеу қойған болатын.