Ауғанстанның астанасында болған қатты жарылыс салдарынан 40 адам қаза тапты
(last modified Sat, 27 Jan 2018 16:17:25 GMT )
Қаң 27, 2018 22:17 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның астанасында болған қатты жарылыс салдарынан 40 адам қаза тапты

Ауғанстанның астанасы Кабулда бомба қойылған жедел жәрдем көлігінің жарылысы салдарынан 40 адам қаза тапты.

Пресс ТВ арнасының мәліметі бойынша, бүгін сенбі күні түсте Бейбітшілік Жоғары Кеңесінің кеңсесі мен Ауғанстанның ІІМ-нің бұрынғы ғимараты және Полиция басқармасы мен Кабулдың республикалық ауруханасына жақын жерде орын алған қорқынышты жарылыс салдарынан кемінде 40 адам қайтыс болып, 140-тан астам адам жараланды. Жараланған адамдардың халі мүшкіл деп жариялануда.

Өткен аптада да Кабулдың Intercontinental қонақүйінде болған жарылыста 43 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын.

Кабул қаласында жасалған екі жарылыстың да жауапкершілігін Талибан тобы мойнына алды. 

 

Тегтер