ЕҚЫҰ Ratel.kz және Forbes домендері тілшілерінің тергелуіне алаңдаушылық білдірді
(last modified Sat, 07 Apr 2018 16:18:29 GMT )
Сәу 07, 2018 22:18 Asia/Almaty
  • ЕҚЫҰ Ratel.kz және Forbes домендері  тілшілерінің тергелуіне алаңдаушылық білдірді

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз азаттығы істері бойынша өкілі Қазақстанның хабар және сараптамалық басылымдарының бірқатар тілшісінің тергелуіне алаңдаушылық білдірді.

Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз азаттығы істері бойынша  өкілі Арлем Дезир Қазақстанның Ratel.kz және Forbes тілшілері мен редакторларының уақытша қамауға алынғаны мен олардың бірінің бұғатталғанын қатаң сынады.

Арлем Дезир: «Онлайн ресурстарын бұғаттау сөз азаттығын жөнсіз шектеу, тілшілерді ұстап, олардың үйлері мен жұмыс орындарын тінту қоқан-лоққының бір түрі саналады. Баспасөз өкілдерімен мұндай қатынас жасау алаңдатарлық әрі осы елдің БАҚ-ның азаттығы үшін зиян» деп баса айтты.   

Бірнеше күн бұрын Алматы қаласының полициясы Қазақстанның Forbes және Ratel.kz ақпарат құралдарының хабар және сараптамалық кеңсесіне еніп, бас редакторлары мен бірқатар тілшісін құрықтап, компьютерлері мен кейбір мақалаларын тәркіледі.  Мәліметтерге сәйкес, аталмыш ақпарат құралдарының бас редакторлары мен тілшілерінің ұсталуы осы елдің бір бизнесменімен сұхбат жүргізгеннен кейін орын алған.

 

 

Тегтер