Maм 16, 2018 15:17 Asia/Almaty
  • Грекияда сионистік режимнің туы өртелді

Грекиялық азаматтар сейсенбі күні шеруге шығып, Палестина халқына қолдауы мен ынтымақтастығын жариялап, сионистік режимнің туын өртеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, грекиялық шерушілер "Бейт әл-Мұқаддас – Палестина халқының қаласы", "Палестинаның мазлұм халқын қыруды тоқтатыңдар!", "Біз палестина халқын қолдаймыз!" деген ұрандарымен сионистік режимнің елшілігінің алдына жиналып, осы режимнің туын өртеп, АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұл елдің елшілігін басып алынған Құдс қаласына көшіру шешімін айыптады.

Испания Сыртқы істер министрі сейсенбі күні АҚШ елшілігінің Құдсқа көшірілуін сынап, сионистердің паластиналықтарға қарсы күш қолдануын айыптады. Ол палестиналықтардың шеруін заңды деп атап, сионист әскерилердің реакциясын халықаралық заңдарға қайшы деп бағалады.

Түркия Сыртқы істер министрлігі де сионистік режимнің палестиналықтарды қыруына реакция білдіріп, Анкарадағы сионистік режимнің елшісін шақыртты.

 

 

Тегтер