Венесуэла АҚШ-тың дипломатын елден шығарып жіберді
Венесуэла сейсенбі күні Вашингтонның Каракасқа қарсы дұшпандық әрекеттері мен ұстанымдарына реакция білдіріп, АҚШ елшісінің міндетін уақытша атқарушы дипломатты елден шығарып жіберді.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Венеуэла үкіметі Тодд Робинсонға бұл елден кетуге 48 сағат уақыт берді. Бұл шешім АҚШ Мемлекеттік департаменті Венесуэланың президенттік сайлауының нәтижесін ресми қабылдамайтынын жариялаған соң қабылданды.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы сондай-ақ, Вашингтонның Венесуэлаға қарсы мұнай саласында санкция салуды қарастыратынын жариялады.
Венесуэла АҚШ-тың бұл әрекетін дұшпандық деп атап: "Вашингтон Каракастың тәуелсіздігін қабылдай алмайды. Сондықтан бұл елдің мұнай байлығын өз бақылауына алғысы келеді",- деді.