АҚШ Конгресі Трампты Иранға қарсы ықтималды соғыс жариялау мүмкіндігінен айырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37266-АҚШ_Конгресі_Трампты_Иранға_қарсы_ықтималды_соғыс_жариялау_мүмкіндігінен_айырды
АҚШ Конгресінің өкілдері АҚШ Конгресі Президент Дональд Трамптан Иранға қарсы ықтималды соғыс жариялау мүмкіндігін алып, бұл мүмкіндікті Конгреске тапсыру туралы өзгерісті бекітті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 25, 2018 14:36 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресі Трампты Иранға қарсы ықтималды соғыс жариялау мүмкіндігінен айырды

АҚШ Конгресінің өкілдері АҚШ Конгресі Президент Дональд Трамптан Иранға қарсы ықтималды соғыс жариялау мүмкіндігін алып, бұл мүмкіндікті Конгреске тапсыру туралы өзгерісті бекітті.

Америкалық ақпарат көздерінің мәліметі бойынша АҚШ конгресмендері Ұлттық қорғаныс мүмкіндіктері заңын бекіту отырысында бұл заңнан Дональд Трамптан Иранға қарсы ықтималды соғыс жариялау мүмкіндігін алу және бұл мүмкіндікті Конгреске тапсыру туралы өзгерісті бекітті. АҚШ Конгресінің демократ мүшелерінің бірі Кейт Эллисон ұсынып, сондай-ақ Конгрестің демократ және республикашыл мүшелерінің қолдауына ие болған бұл өзгеріс бірауыздан қабылданды. Кейт Эллисон Твиттердегі парақшасында: «Бұл заң Трамптың Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімінен шығуы мен оның дұшпандық сөздерімен тұспа-тұс қабылданды. Оның айқын жолдауы – АҚШ халқы мен Конгресс мүшелері Иранмен соғысқысы келмейді дегенді жеткізу»,- деп жазды.