Боливия президенті АҚШ-тың Венесуэланың істеріне араласуын сынады
(last modified Sun, 03 Jun 2018 15:35:11 GMT )
Маусым 03, 2018 21:35 Asia/Almaty
  • Боливия президенті АҚШ-тың Венесуэланың істеріне араласуын сынады

Боливия Президенті АҚШ Вице-президентінің Венесуэланың Америкалық мемлекеттер ұйымындағы (ОЕА) мүшелігін тоқтату шешімі мен талабын сынады.

Боливия Президенті Ева Моралис АҚШ-тың Вице-президенті Майк Пенстің Америкалық мемлекеттер ұйымындағы Венесуэланың мүшелігін тоқтату шешімін қабылдамай: "АҚШ  аталмыш ұйым арқылы тәуелсіз мемлекетті басып-жаншығысы келеді",- деп жариялады. Ево Моралис – Америкалық мемлекеттер ұйымындағы Венесуэланы қолдайтын мүшелердің бірі.

Америкалық мемлекеттер ұйымы асамблеясының отырысы маусымның 3-5 аралығында Вашингтонда өтеді. Майк Пенс отырыста аталмыш ұйымдағы Венесуэланың мүшелігін тоқтату тақырыбын көтермек.

Венесуэла 2017-ші жылдың сәуір айының 30-ында Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығып, оны Американың сыртқы саясатын атқарушы деп атаған болатын.