Вашингтон тағы да халықаралық компанияларды Иранмен сауда жасамауға шақырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37564-Вашингтон_тағы_да_халықаралық_компанияларды_Иранмен_сауда_жасамауға_шақырды
АҚШ Қаржы министрінің орынбасары сейсенбі күні осы елдің одақтастары мен халықаралық компанияларды ИИР-мен сауда жасаудан бас тартуға шақырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 06, 2018 14:23 Asia/Almaty
  • Вашингтон тағы да халықаралық компанияларды Иранмен сауда жасамауға шақырды

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары сейсенбі күні осы елдің одақтастары мен халықаралық компанияларды ИИР-мен сауда жасаудан бас тартуға шақырды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сигал Манделкер "Демократияны қорғау қоры" атты Иранға қарсы лобби өткізген отырыста Иранмен сауда жасайтын компаниялардың үлкен қатерге бас тігіп отырғанын айтты.

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары осы елдің одақтастарын өздерінің қаржы жүйелерін нығайтып, компанияларын көбірек қырағы болуға міндеттеп, өзі "Иранның алдамшы жүйелері" деп атаған тұзаққа түспеуге шақырды.

АҚШ бұдан бұрын да халықаралық компаниялардан Иранмен сауда жасамауды сұраған болатын.