АҚШ Президенті мен Солтүстік Корея басшысы келіссөздерді жалғастыру қажеттігін қуаттады
(last modified Tue, 12 Jun 2018 14:44:56 GMT )
Маусым 12, 2018 20:44 Asia/Almaty
  • АҚШ Президенті мен Солтүстік Корея басшысы келіссөздерді жалғастыру қажеттігін қуаттады

АҚШ Президенті мен Солтүстік Корея басшысы Сингапурдағы кездесудің соңында өзара келіссөздерді жалғастыру қажеттігін қуаттады.

Дональд Трамп Сингапурда Ким Чен Ынмен кездескеннен кейін Корей түбегінде ядролық қарусыздану үдерісінің жүргізілуін қуаттап, келісім мәтінінің ақпарат құралдарының ықтиярына берілетінін хабарлады.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын да Пхеньянның Корей түбегіндегі қайшылықты жоюға мүдделі екенін айтып, осы салада келіссөздердің жалғасатынын мәлімдеді.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын үш құжатқа қол қойды. Сарапшылардың айтуынша, Дональд Трамп АҚШ-тың іші мен халықаралық сахнада көптеген қиындықтарға ұшырағанына байланысты Сингапурдағы Солтүстік Корея басшысымен кездесуін қоғамдық пікірдің назарын осы мәселелерден алдарқату үшін жарнамалық құрал ретінде пайдалануға талпыныс жасап жатыр.