АҚШ БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармасының бюджетін кесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38070-АҚШ_БҰҰ_ның_Лаңкестікке_қарсы_басқармасының_бюджетін_кесті
АҚШ үкіметі БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармаға бөлуге уәде берген бюджетін кесті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 27, 2018 10:46 Asia/Almaty
  • АҚШ БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармасының бюджетін кесті

АҚШ үкіметі БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармаға бөлуге уәде берген бюджетін кесті.

Reutres ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Үкіметі сәрсенбі күні БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармасына бөлуге міндеттеме алған құны 2 миллион долларды құрайтын бюджетті кесті.

Сонымен қатар америкалықтар бұл басқарманың ресейлік басшысы Владимир Воронковтың құзырына наразылық білдіріп, өз делегациялары мүшелерінің БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармасының конференциясына қатысуын азайтқан.

АҚШ-тың құрылғанына 1 жыл болған БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармасында алатын орны АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-на өзгеріс енгізуге қатысты шығарған дау-жанжалдырының бірі саналады.

БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы басқармасының конференциясы бүгін сәрсенбі күні Нью-Йоркте басталды. Бұл конференцияға шамамен 120 мемлекет пен 100 азаматтық қоғам тобы қатысуда.