Әлемнің 40-тан астам мемлекеті Трамптың сауда саясаттарына наразылық білдірді
Әлемнің 40-тан астам мемлекетінің өкілдері сейсенбі күні Дүниежүзілік сауда ұйымының тауарлар кеңесінің Женевада өткен отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың көлік пен көлік бөлшектерін енгізу тарифтерін арттыру жобасына наразылық білдірді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Еуроодақтың 28 мүшесі мен Қытай, Ресей, Канада, Швейцария, Норвегия, Түркия, Коста-Рика, Аенесуэла, Сингапур, Бразилия, Оңтүстік Корея, Мексика, Қатар, Таиланд пен Үндістан отырыста АҚШ-тың біржақты саясатына алңдаушылық білдіріп, Вашингтон саясаттарының халықаралық заңдарға сай болуын талап еткен елдер болды.
АҚШ-тың әрекеттері туралы тақырып Ресей мен Жапонияның сұранысымен отырыстың күн тәртібіне енгізілді. Отырыс ақпарат құралдары Ақ үйдің Американың Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған жағдайда өтті.