Руханидің дипломатиялық жолдауының аясында Помпеоның Иранға қарсы ұстанымы әшкереленді
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранға қарсы ұстанымында Иранды толығымен Батысқа қарсы деп атап: "Ақ үй басқалармен ынтымақтастық жасап, Иранға қысым көрсетіп, бұл елдің мұнайын мүлдем сатқызбау саясатын іске асыруға талпынады",- деді.
Майк Помпео АҚШ-тың бұрынғы Президенті Рональд Рейганның кітапханасында ИИР-ның шектеулі қарсыластарының алдында сөз сөйлеп: "Егер Иран өз әрекетін өзгертсе, АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуге дайын",- деген уәж айтты.
Майк Помпеоның Иранға қарсы жаңа ұстанымы соны мәселе емес. Мұндай әрекет Дональд Трамп Ақ үйге аяқ басқаннан бері байқалуда. АҚШ-тың қазіргі үкіметінің Иранға қарсы дұшпандығының бұл елдің басқа үкіметтерінен айырмашылығы жоқ. ИИР Президентінің ұлттық мүддесін қорғау саласындағы қатаң ұстанымдары дұшпанға ұнамайды. Осыған орай америкалық басшылар әр трибунадан Иранға қарсы ұстанымдарын білдіруде.
Трамп үкіметінің Иранға қарсы саяси және экономикалық қысым көрсету туралы қоқан-лоққыларының ішкі және сыртқы мақсаттары бар: ішкі мақсаты – қате мәліметтерге сүйеніп, Иранда бейберекеттіктер ұйымдастыру. Сыртқы мақсаты бойынша қате мәліметтерге сүйеніп, әлемдік ой-пікірді Иранға қарсы қою. Бұл саясат АҚШ Мемлекеттік хатшысының Рейган кітапханасында сөйлеген сөзінен анық байқалды. Ол: "Иран толығымен батысқа қарсы" деген уәж айтты. АҚШ Иранмен жасаған әрбір әлемдік ынтымақтастықты қаржы шығынына тіреп, соңында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын мүлдем пайдасыз деп көрсетпек. АҚШ өз мақсатына жету үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанымен, Иранның еуропалықтар, Ресей және Қытаймен ынтымақтастықтарын жалғастыру арқылы халықаралық сахнадан кетпеуіне қатысты ойлаған нәтижесіне жете алмады. Иранның қисынды саясаты Теһранның зорлық-зомбылық көрсететін шектеулі режимдер болмаса, толығымен Батысқа қарсы емес екенін және Батыспен ынтымақтастық жасайтынын көрсетті.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен сенбі күні Иран Сыртқы істер министрі, елшілері және Сыртқы істер министрлігінің басқа қайраткерлерімен кездесуінде: "Еуропалықтармен келіссөздер үзілмейді, бірақ еуропалықтарды күтіп отыруға болмайды. Елдің ішінде-ақ көптеген жұмыстарды атқару керек",- деді.
Иран өзінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін қисынды жолдарды қарастырып, елдің ішіндегі көптеген мүмкіндіктерді пайдаланып, аймақ пен әлем сахнасында белсенділік танытып, маңызды рөл атқара алады. Иранның аймақтағы рөлі ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуімен бірге аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына да өз әсерін тигізеді. Иран лаңкестікке қарсы күресте сындарлы рөл атқаруда. ИИР әртүрлі факторларға ие болғандықтан ықпалды мемлекет саналады.
Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күнгі сөзінде Иранның шешім қабылдау қабілеті мен бұл елдің аймақтың басқа кейбір мемлекеттері сияқты қолының байлаулы емес екенін көрсетті.