Помпео: АҚШ-тың қысымы ИИР-ның аймақтағы қатынасын өзгертті
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Иранға қарсы қатынасын тағы көрсетіп: «АҚШ-тың қысымдары ИИР-ның аймақтағы қатынасын өзгертті»,-деген уәж айтты.
Майк Помпео сәрсенбі күні АҚШ-тың Сенат палатасының сыртқы қатынас комитетінің отырысы аясында АҚШ-тың Иранға қатынасы туралы: «Иран – бес ай бұрынғы ел емес. Бұл АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығып, қаржылай қысым жасауының әсерінен туындап отыр. АҚШ Иранда уранның байытылуына қарсы»,-деді.
Трамп үкіметі мен АҚШ-тың Иранға қарсы реакцияшыл басшылары ИИР-на жан-жақтан қысым жасау үшін барлық тәсілдерді пайдаланып, Иранмен өздері қалайтындай сөйлесуді көздеп отыр. Трамп үкіметіне өзіне бағынышты, ықпалға көнгіш, ешбір айбыннан жұрдай Иран ұнайды. АҚШ осы мақсатты көздеп отыр. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуы, саяси-экономикалық қысымдардың артуы, Иранмен психикалық соғыстың күшеюі осы аяда жүзеге асырылып жатыр. Осы шаралардан соң, Ақ үйдің ойынша, Иран АҚШ-пен диалог өткізуге көнеді.
Ислам революциясының 40 жылдық тәжірибесі әсіресе АҚШ басшыларына Иранның қысымдарға тізе бүкпейтінін жақсы дәлелдеді. Қандай жағдай болса да, Иран өзінің саяси‑экономикалық, әскери және мәдени тәуелсіздігін сақтап қалады. Бүгінде Трамп үкіметі қанша қысым мен қоқан-лоққы жасаса да, Иранмен өзі қалаған диалог өткізе алмайды. Осы аяда ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні АҚШ-тың әртүрлі қайраткерлерінің қоқан‑лоққымен бір мезгілде Иранмен келіссөз өткізу жайлы өтініш айтқан жуырдағы сөздеріне реакциясында: «АҚШ үкіметі біржақты негізде, шектен тыс талап етуші қалыпта және қоқан‑лоққы аясында Иранмен келіссөз өткізу қиялын мүлде ұмытсын»,-деді.
Шектен тыс талап етушіліктен диалог өткізу тәсілі басқа бір жерде нәтиже беруі мүмкін. Кейбір елдер өздерін АҚШ-қа бағынышты санауға, осы елдің саясында әрекет етуге дайын болуы мүмкін. Бірақ Иран бірнеше мыңжылдық өркениет пен жергілікті күш-қуатқа ие болғандықтан тәуелсіз әрекет етіп, АҚШ-тың қысым теорияларының тұтқынына айналмайды. ИИР бүгінде бірлік пен табандылықтың арқасында әртүрлі салаларда мерейі үстем болып отыр. Әскери-қорғаныс тақырыптары, геосаяси жағдай, аймақтық теңгерімдерге әсерлі қатысуы ИИР-ын белсенді ойыншыға айналдырды. Оның болмысы қазір де, келешекте де ірі алпауыттарға бағынышты деп сипатталмайды.
Иран бүгінде саяси саламен қоса, құқық саласында да АҚШ-тан басым. Халықаралық Әділет соты Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымына оң жауап берді. Осыған қатысты ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Үкімет отырысында: «Халықаралық Әділет сотына жіберілген шағым – құқықтық шара. Саяси сахнадан да табандылық байқалады. Әлем елдерінің басым бөлігінің АҚШ-тың шараларын қате санап, оларды айыптауы немесе оларға өкініш білдіруі – осы табандылықтың белгілері»,-деді.