Канада Батыс елдерінің Сауд Арабиясының адамзат баласына қарсы әрекеттеріне наразылық білдірді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Гударзи Сауд Арабиясында адам құқықтары белсенділерін тұтқындау толқынына байланысты Рияд пен Оттава арасындағы қарым-қатынастың үзілгеніне сілтеме жасап: "Канаданың саудиялықтардың әрекеттеріне қатысты реакциясы әлемге Сауд Арабиясының шынайы бейнесін әшкере етті.
Егер басқа мемлекеттер де адам құқықтары мәселесіне қатысты алаңдайтын болса, саудиялықтардың әрекеттері міндетті түрде күмән тудырады",- деді.
Сауд Арабиясы Канаданың саудиялықтардың арасында адам құқықтары және азаматтық қоғам белсенділерін тұтқындау толқынына қатысты алаңдаушылық білдіргеннен кейін бұл әрекеттерді араласушылық сипатта деп бағалап, Канадамен арадағы барлық сауда айналымдары мен өзара әрекеттестіктерді және білім беру гранттарын бөлу бағдарламаларын тоқтататынын мәлімдеді.