АҚШ Иранның мұнай ұсынысының көлемін нөлдік деңгейге қысқарта алмайды
(last modified Sat, 15 Sep 2018 09:35:33 GMT )
Қыр 15, 2018 15:35 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның мұнай ұсынысының көлемін нөлдік деңгейге қысқарта алмайды

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) атқарушы тобындағы Иранның өкілі жұма күні Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ Иранның мұнай экспортын нөлдік деңгейге қысқартуда қиындыққа ұшырайды. Себебі, мұнай нарығы мен Иранның мұнай өндіруші бәсекелестері Теһранның мұнай ұсынысын тоқтатудан пайда болатын мұнай тапшылығының орнын толтыра алмайды",- деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хосейн Каземпур Ардебели: "Бірде-бір мемлекет мұнай өндірісін артығымен өндіретін әлеуетке ие емес",- деп баса айтты.

Мұнай ұсынысы көлемінің төмендеуі шикі мұнай бағасының көтерілуіне себеп болады. Осы аптада шикі мұнайдың әрбір баррелінің бағасы 80 доллардан асты. Бұл мамыр айынан бергі мұнайдың ең жоғары бағасы саналады.

АҚШ үкіметі тамыздың жиырмасы күні Иранға қарсы санкциялық саясатынан туындайтын мұнай бағасы артуының алдын-алу мақсатында өзінің шикі мұнай қорынан 11 миллион баррель мұнай сататынын мәлімдеген болатын.

 

 

 

Тегтер