Трамп Ираннан мұнай сатып алатын елдерді бақылауға алатынын ескертті
АҚШ Президенті сәрсенбі күні кешке Теһранға қарсы санкциялар іске қосылғаннан кейін Ираннан мұнай сатып алуды жалғастыруды көздеп отырған елдерге ескерту жасады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп 4 қарашада мұнай санкциялары қайта күшіне енген соң кейбір елдердің, соның ішінде Үндістан мен Қытайдың Ираннан мұнай сатып алуды жалғастыруға шешім қабылдағаны туралы тілшілердің сұрағына жауабында оларды бақылауға алатынын айтты.
Вашингтон әлем елдерінен Теһранға қарсы экономикалық санкциялардың бір бөлігі ретінде Иран мұнайын экспорттауды мүлдем тоқтатуды сұрады.
Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қытай, Үндістан, Ресей мен Түркия АҚШ-тың талабын орындамайтынын жариялады.