Джон Болтон елдердің Иран мұнайына салынған санкцияны қолдамағанын мойындады
Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі әлем елдерінің АҚШ-тың біржақты негізде Иран мұнайына салған санкцияларын қолдамағанын мойындады.
"Вашингтон Таймс" газеті сайтының хабарлауы бойынша, Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон сәрсенбі күні АҚШ-тың Иранға санкция салуда сәтсіздікке ұшырағанын мойындағандай болып: "Елдердің көбі Ираннан мұнай импорттауды жылдам тоқтата алмас.
АҚШ Иран мұнайына санкция салу арқылы өзінің достары мен одақтастарына зиян тигізгісі келмейді",-деді.
Джон Болтонның бұл сөзі Вашингтон әлем елдерін Ираннан мұнай сатып алуды тоқтатуға көндіре алмағаннан кейін айтылып отыр.
Иран мұнайының сатып алушылары Қытай мен Үндістан Иран мұнайына санкция салуға қарсы елдердің көш басында тұр.