АҚШ-та кезеңаралық сайлау басталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39792-АҚШ_та_кезеңаралық_сайлау_басталды
АҚШ-та Өкілдер палатасы мен Сенат мүшелерінің кезеңаралық сайлауы басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 06, 2018 18:08 Asia/Almaty
  • АҚШ-та кезеңаралық сайлау басталды

АҚШ-та Өкілдер палатасы мен Сенат мүшелерінің кезеңаралық сайлауы басталды.

АҚШ-тағы кезеңаралық сайлау қарашаның алтысы, сейсенбі күні әртүрлі штаттарда басталып, америкалықтар Өкілдер палатасының 435 мүшесі мен Сенат мүшелерінің үштен бір бөлігін сайлау үшін дауыс беру учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатыр.

АҚШ-тың 50 штатындағы әртүрлі ережелерге байланысты дауыс беру 16 сағатқа созылады.

Кезеңаралық сайлау АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы күндері жеңілістің алдын алып, республикашыл партия өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында түрлі штаттарға сапармен барған жағдайда басталды.

Биыл 2018 жылғы кезеңаралық сайлауға 150 миллионнан астам адам дауыс беруге қатыса алады. Мұның алдында 2014 жылы өткен сайлаумен салыстырғанда халықтың биылғы сайлауға қатысу көрсеткіші артады деп болжанып отыр.