Обама үкіметінің лауазымды тұлғалары АҚШ-тың Йемендегі соғысқа араласқанын мойындады
(last modified Mon, 12 Nov 2018 10:21:30 GMT )
Қар 12, 2018 16:21 Asia/Almaty
  • Обама үкіметінің лауазымды тұлғалары АҚШ-тың Йемендегі соғысқа араласқанын мойындады

АҚШ-тың бұрынғы үкіметінің 30 лауазымды тұлғасы АҚШ-тың Йемен соғысына жөнсіз араласқанын мойындап, бұл соғыстың тезірек аяқталуын сұрады.

The Washington Post газетінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама басқарған үкіметтің 30 лауазымды тұлғасы АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа жолдаған хатты жариялап, Йемендегі саудиялық коалиция күштеріне көмек көрсетуді доғарып, тезірек атысты тоқтату бітімін орнатуды сұрады.

Бұл хатта президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Сьюзан Райс, Орталық барлау агенттігінің (CIA) бұрынғы басшысы Джон Бреннан, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман мен Ақ үйдің бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы Лиза Монаконың есімдері бар.

Хатты жазғандар Обама үкіметінің 2015 жылы Сауд Арабиясы коалициясына Йеменге шабуыл жасауға қолдау көрсету туралы шешім қабылдағанын мойындады. 

 

 

Тегтер