АҚШ-тың соғыс ардагерлері үнсіз шеру өткізді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39871-АҚШ_тың_соғыс_ардагерлері_үнсіз_шеру_өткізді
АҚШ-тағы соғыс ардагерлері Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жүз жыл толуымен бір мезгілде осы ел үкіметінің соғысқұмар саясаттарына наразылық білдіріп үнсіз шеру өткізді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 12, 2018 18:50 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың соғыс ардагерлері үнсіз шеру өткізді

АҚШ-тағы соғыс ардагерлері Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жүз жыл толуымен бір мезгілде осы ел үкіметінің соғысқұмар саясаттарына наразылық білдіріп үнсіз шеру өткізді.

Бұл наразылық шеруі Вашингтонда Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарына қатысқан сарбаздарды еске алуға арналған ескерткіш орналасқан жерде өтті. Бұл шараға ардагерлермен бірге АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы соғыстарында құрбан болғандардың аналары мен соғыстан қайтқан соң өз-өздеріне қол жұмсаған сарбаздардың аналары қатысты.

Ардагерлердің айтуынша, осы уақытқа дейін 22 ардагер өз-өзіне қол жұмсаса, басқа ондаған адам баспанасыз қалған.

АҚШ-тағы соғысқа қарсы белсенділердің пікіріне сәйкес, бұл елдің саясаткерлері әрдайым әлемнің жер-жерінде өздерінің экспансиялық мақсаттарын ілгерілету үшін көптеген соғыстарды бастаған. Олар қару-жарақтар мен әскери құрал-жабдықтарды сатудан орасан зор табысқа қол жеткізумен қоса, зорлық көрсетіп, әскери күш пайдалану арқылы басқа елдерге үстемдігін сақтауды көздеп отыр.