Иран Трамп кеңесшісінің дұшпандық сөздеріне реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39895-Иран_Трамп_кеңесшісінің_дұшпандық_сөздеріне_реакция_білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніңдегі кеңесшісі Джон Болтонның Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп, Болтонның жағдайы нашар. Ол "Иранға наразы болу" ауруынан зардап шегіп жүр»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 14, 2018 12:10 Asia/Almaty
  • Иран Трамп кеңесшісінің дұшпандық сөздеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніңдегі кеңесшісі Джон Болтонның Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп, Болтонның жағдайы нашар. Ол "Иранға наразы болу" ауруынан зардап шегіп жүр»,- деді.

АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон: "АҚШ Иранға зардап шегетіндей қысым көрсетеді",- деп дұшпандық танытты.

Бахрам Ғасеми сейсенбі күні кешке ИСНА-ға берген сұхбатында Джон Болтонның Иран халқына қарсы кегі мен дұшпандығын білдіретін сөздерін жаңа әрі мән беретіндей сөз емес деп  атады.

Ғасеми негізінде бұл сөздерді кәсіпқой саясаткердің лексикасына лайық емес деп атап: Кейбір лаңкестік топтармен бұрыннан қарым-қатынас орнатып, олардан ақша алып жүрген Болтонның мұндай сөз айтуы таңғаларлық жайт емес. Иранға қарсы санкциялар мен қоқан-лоққыларды арттыру қажеттігі туралы айтып жүрген Болтон ирандықтарды дұрыс түсінбеген",- деп баса  айтты.