Хошру: Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың өз бетінше әрекеттеріне қарсы тұруы тиіс
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі жұма күні БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришпен қоштасу кездесуінде халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың өз бетінше әрі заңға томпақ әрекеттеріне қарсы тұру қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғоламали Хошру кездесуде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты түрде шығуы мен оған мүше елдерге Иранмен ынтымақтастық жасауға қатысты қоқан-лоққы жасағанына тоқталып: "БҰҰ-ның тарихында Қауіпсіздік кеңесінің бір тұрақты мүшесінің басқа мүшелерін осы кеңестің қарарларына берік болғаны үшін жазалаған жайт бұрын-соңды болған емес",- деп мәлімдеді.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты мүшесі Гутерриштен Иранға қарсы заң бұзушылық пен санкция жариялауға позиция ұстануды сұрады.
Хошру ирандық өнерпаздар тоқыған Гуттериштің суреті бейнеленген тоқыма картинаны БҰҰ-ның тұрақты көрмесіне қою үшін сыйға тартты.
БҰҰ-ның бас хатшысы Иранның бай әрі терең мәдениетіне тоқталып, Иран поэзиясы, сәулет өнері мен кілем тоқу өнерін мақтады.