Трамп Пәкістанды тағы айыптады
АҚШ Президенті «Пәкістан Вашингтонға әл-Қаиданың бұрынғы басшысының тұрағын хабарлаудан бас тартты»,- деген уәж айтты.
"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Твиттердегі жолдауында: "АҚШ әл-Қаиданың бұрынғы басшысы Асаме бен Ладенді тезірек қамауға алатын еді. Пәкістан АҚШ-тан миллиардтаған доллар алып отырғанымен Бен Ладеннің еліндегі мекенін айтпады. Вашингтонның Пәкістанға жіберіп отырған миллиардтаған доллар көмегі тоқтатылды. Өйткені, олар ақша алғандарымен жұмыс істемейді",- деп мәлімдеді.
Пәкістан Премьер-министрі Имаран Кхан дүйсенбі күні Дональд Трамптың еліне қарсы сөзін сынап: "АҚШ Пәкістанды айыптағаннан гөрі Ауғанстандағы сәтсіздіктерін қабылдағаны жөн. Пәкістан лаңкестікпен соғысып, сол жолда 75000 азаматын құрбан етіп, 123 миллиард доллар шығын шекті. АҚШ Исламабадқа тек 20 миллиард доллар ғана көмек берді",- деді.