Иран АҚШ-тың үстінен Халықаралық теңіз ұйымына (IMO) шағым түсірді
Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) конвенциясына сәйкес, теңіз арқылы жүргізілетін сауда тасымалына қарсы бағытталған кез келген кемсітушілік әрекетке тыйым салынған. Ұйым өзінің 171 мүшесіне осы конвенцияны жүзеге асыру үшін талпыныс жасауды сұрады.
ИИР өткен сәрсенбі күні Халықаралық теңіз ұйымы кеңесіне IMO конвенциясын бұзғаны және теңіз қауіпсіздігі мен теңіз экологиясына қатер төндіретін шектеулерді қалыптастыруда талпыныс жасағаны үшін АҚШ-тың үстінен шағым түсірді. Халықаралық теңіз ұйымы – БҰҰ-на қарасты әлемдегі теңіз қатынасы саласындағы ең жоғары орган.
Лондондағы IMO ұйымының кеңесі Теһранның Вашингтонның санкцияларына қарсы құжатын қарастыру барысында АҚШ пен басқа да мүше елдерден халықаралық теңіз қатынасы қауіпсіздігі мен еркін кеме қатынасына қатер төндіретін кез келген шара қолданудан бас тартуды сұрады.
Иранның Айлақтар және теңіз қатынасы ұйымының басшысы Мұхаммад Растад жұма күні Лондонда өткен Халықаралық теңіз ұйымы кеңесі мүшелерінің 121-ші отырысының соңында: "Халықаралық теңіз ұйымының кеме қатынасы саласында атқаратын рөлі мен алатын орнына байланысты бұл әрекеттің Иранның теңіз қатынасындағы белсенділіктерін дамытуға тигізіп жатқан әсерлеріне куә болып отырмыз",- деді.
Теңіз құқықтары жөніндегі сарапшы Саид Изадиан Ираның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымы жайлы былай деді: "Иран теңізге қолжетімділік тұрғысынан аймақта маңызды орынға ие. IMO ұйымының теңіз қатынасы саласындағы барлық халықаралық заңдар мен ережелерді бекітетіндігіне қарамастан, Иранға қолдау көрсету ықтималымен АҚШ үкіметінен бұл салада да өзін қорғайтынын күтуге болады. Бірақ, мұнымен қатар біздің санкцияларға қатысты қиындығымыз сақтандыру компаниялары мен рейтинг бойынша саралау институттарына қатысты. Сондықтан осы қиындықтарды шешудің шарасын табуымыз қажет".
АҚШ-тың Иран істері жөніндегі өкілі Брайан Хук соңғы апталардың ішінде әлем елдерінен ирандық кемелерге айлақтарға қатынауға рұқсат бермеуді бірнеше мәрте сұрап: "Біз ирандық кемелердің сақтандырылуына рұқсат бермейміз. Ирандық кемелер теңіз апатына ұшыраған жағдайда басқа мемлекеттер сақтандыру компанияларынан өз шығындарының өтемақысын ала алмайды",- деді.
Иран өзінің географиялық орны мен ірі әскери кемелерінің арқасында әлемдік теңіз саудасында маңызды рөл атқарады әрі IMO ұйымының ықпалды мүшесі саналады. Алайда АҚШ үкіметі соңғы онжылдықтардың ішінде көптеген халықаралық міндеттемелерді бұзып, халықаралық конвенциялардың беделін түсіріп жатыр. "Ортақ қадам" келісімін бұзуы – АҚШ үкіметінің халықаралық міндеттеме мен жауапкершілікті елемеуінің көрінісі. АҚШ үкіметі басқа елдерге қарсы өзінің қате, әсірешіл және ашкөз саясаттарын жүзеге асырып, халықаралық міндеттемелерге, соның ішінде Халықаралық теңіз ұйымы ковенциясы үшін қиындық тудырып отыр. Сол себепті Халықаралық теңіз ұйымына мүше мемлекеттер бекітілген келісімдер мен шарттарды жүзеге асыру үдерісіне қолдау танытуы керек.