АҚШ Мемлекеттік департаменті Сирия бейбітшілігі жөніндегі Астана келіссөздеріне реакция білдірді
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз өкілі Сирия дағдарысын шешуге бағытталған Астана келіссөздерінің 11-ші отырысында Сирия дағдарысын шешу мақсатында саяси үдеріс қалыптастыруда ешқандай ілгерілеушілікке қол жеткізілмегенін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Хизер Нойерт "Астана отырысы тығырыққа тірелді" деген уәж айтты.
АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз өкілінің бұл уәждері Вашингтонның Сириядағы лаңкестер мен Дамаск үкімтіне қарсы әрекеттерге қолдау көрсетіп, Сириядағы дағдарысты шешуге кедергі жасап отырған жағдайда айтылып отыр.
ИИР, Ресей мен Түркия бейсенбі күні Қазақстанның елордасы Астана қаласында Сирия дағдарысын шешуге бағытталған халықаралық келіссөздердің 11-ші отырысында жариялаған ортақ мәлімдемесінде БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығын сақтау және лаңкестермен күресу қажеттігін қуаттады.