АҚШ Еуропадан Иранға санкция салуды сұрады
АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі «Иранға қарсы әрекет жасау» тобының басшысы Брайан Хук дүйсенбі күні еуропалық мемлекеттерден зымырандық бағдарламаны сылтауратып, Иранға санкция салуды талап етті.
«Mehr» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өткен сейсенбі күні «Иран оқтұмсықтарды тасымалдай алатын орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді»,- деген уәж айтқан болатын.
АҚШ-тың Иранның зымырандық сынағы туралы уәжінен кейін Франция мен Британия БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен жабық отырыс өткізуді сұрады.
Францияның ақпарат агенттігі отырыстың сейсенбі күні өтуі ықтимал екендігін жариялады.
Сондай-ақ, сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху дүйсенбі күні кешке Брюссельде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесіп, «Иранның аймаққа зиян келтіретін белсенділігі-мыс» туралы сөйлесті. Нетаньяху Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламасына қатысты өтірік таратқаны үшін АҚШ-қа алғыс айтты.