Никки Хейли Сауд Арабиясы үкіметінің Хашоғджидің өліміне жауапты екенін кеш мойындады
(last modified Sun, 09 Dec 2018 10:39:24 GMT )
Жел 09, 2018 16:39 Asia/Almaty
  • Никки Хейли Сауд Арабиясы үкіметінің Хашоғджидің өліміне жауапты екенін кеш мойындады

АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы өкілі сенбі күні Сауд Арабиясы үкіметінің саудиялық сыншы, тілші Хашоғджидің өліміне жауапты екенін ақыры мойындады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Никки Хейли «Атлантик» басылымына берген сұхбатында АҚШ үкіметінің Хашоғджидің өліміне көзжұмбайлықпен қарамайтынын айтты.

Никки Хейлидің бұл сөздері АҚШ үкіметінің осы уақытқа дейін эр-Риядты айыптаудан бас тартып, өзінің бұл елмен жасаған әскери келісімшарттарын сақтауға талпынған жағдайда айтылып отыр.

«Вашингтон пост» газеті жуырда Вашингтон мен эр-Риядтың  саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Хашоғджидің өліміндегі рөлін теріске шығаратын түсініктеме беруге талпыныс жасап жатқанын жазған болатын.

 

Тегтер