АҚШ – журналистер үшін әлемдегі қатерлі алтыншы мемлекет
Жел 19, 2018 13:23 Asia/Almaty
Шекарасыз журналистер ұйымы өзінің жылдық есебінде бірінші рет АҚШ-ты журналистер үшін ең қатерлі мемлекеттердің тізіміне енгізді.
Hill веб-сайтының мәліметіне сәйкес, Шекарасыз журналистер ұйымы жылдық есебінде: «2018-ші жылы АҚШ журналистерге қарсы шабуылды күшейткен мемлекет болды. Бұл жылы АҚШ-та алты журналист өлтірілді»,- деп жариялады. Аталмыш ұйымның есебі бойынша, АҚШ Ауғанстан, Сирия, Мексика, Йемен және Үндістаннан кейін әлемдегі журналистер үшін қатерлі елдердің қатарында алтыншы орында орналасты. Есеп бойынша, 2018-ші жылы 80 журналист қаза болды. Олардың 49 өлтірілді немесе қасақана нысанаға алынды. 31 журналист репортаж дайындап жүрген кезде өлді.
Тегтер