АҚШ Құдсты басып алушы режимге ауқымды түрде қолдау көрсетіп отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40606-АҚШ_Құдсты_басып_алушы_режимге_ауқымды_түрде_қолдау_көрсетіп_отыр
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, АҚШ соңғы 70 жылдың ішінде сионистік режимге қолдау көрсету мақсатында 130 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсаған.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 29, 2018 17:51 Asia/Almaty
  • АҚШ Құдсты басып алушы режимге ауқымды түрде қолдау көрсетіп отыр

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, АҚШ соңғы 70 жылдың ішінде сионистік режимге қолдау көрсету мақсатында 130 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсаған.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, Израильді қолдаушы сионистік лоббидің АҚШ-қа қысым көрсетуі және Вашингтонның Тель-Авивті Таяу Шығыста әскери және экономикалық тұрғыдан жетілдіруге деген қызығушылығы негізінде АҚШ 1948-2017 ж.ж. Израильге қаржылай, әскери және саяси тұрғыдан көмек көрсеткен.

Осы мәліметке сәйкес, АҚШ үкіметі Құдсты басып алушы режимнің әскеріне жылына 15 миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетіп отырған.

Сионистік режим әскерилендіру арқылы және АҚШ-тың қолдауымен бұл режимнің іші мен  одан тыс қоғамдық пікірді алдау мақсатында қорқыныш пен үрей тудыру арқылы аймақ елдеріне өзінің билікқұмар саясаттарын таңуға талпыныс жасап отыр.