Илхам Әлиев Бакудың ұлтаралық қатынасында түбегейлі өзгеріс жасау қажеттігін қуаттады
Әзірбайжан республикасының басшысы Илхам Әлиевтің 31 желтоқсанда, яғни Баку «Дүние жүзі әзірбайжандарының бірлік күні» атайтын күні жасаған жолдауы ерекше мағынаға ие болды.
Бұл Бакудың өткен жылдардағы «Әзірбайжан республикасы – дүние жүзі әзірбайжандарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы әрі демеуші» және «Дүние жүзіндегі барлық әзірбайжандық Әзірбайжан республикасын өз отаным деп білуі керек» деген ұрандардан сырттай болса да, бас тартқанын көрсетеді.
Әзірбайжан республикасының Президенті биыл өзін дүние жүзі әзірбайжандарына көмектесуші және оларды демеуші деп атамағанымен қатар, керісінше дүние жүзі әзірбайжандарынан көмек сұрап, Әзірбайжан республикасына Қарабақ қайшылығын шешуге жәрдемдесуді өтінді. Илхам Әлиев «диаспоралық ұйымдарды» осы салада үйлесе әрекет етуге шақырды.
Әзірбайжан республикасының дүние жүзі әзірбайжандарымен байланыс жасау сылтауымен басқа елдердің ішкі істеріне араласуды көздейтінін көрсететін уәждерден Баку басшыларының бас тартуы оң қадам деп бағаланады, өйткені бұл елдің өзінде үлкен қиындықтар бар. Бұл мәселелер нәсілдік және қауымдық амбицияларға ұмтылумен шешілмейді, керісінше мұндай сарындар Әзірбайжан республикасының қиыншылықтарын шиеленістіріп жібереді.
Әзірбайжан республикасы құрылғаннан осы күнге дейін «әзірбайжандандыру» деген атпен жүргізілген саясат бұл елге ішкі-сыртқы қиыншылық тудырып, саяси және материалдық шығындарды арттырғаннан басқа нәтиже бермеді.
Әзірбайжан республикасында бұл саясат ұлтаралық араздықтың пайда болып, күшеюіне және осы елде тұратын барлық қауым өкілдерінің «түркілену» саясатына сезімталдықпен қарауына себеп болды. Түркілену саясатын баса айту Әзірбайжан республикасында нәсілшілдік пен бір ұлтты дәріптеушілікке бастап, қоғамда қайшылық пен жауластық тудыратын адамдар мен топтардың белсене түсуіне себеп болды.
Түркілену саясаты Әзірбайжан республикасының сыртқы саясатында да қиыншылық тудырып, әртүрлі елдердің наразылығына ұшырады. Өйткені, Баку сол елдердегі әзірбайжандарды арандатуға талпынды. Аймақ елдерінде ұлтшылдық сезімдерін тудырып, ұлттар арасына іріткі салу жалпы сионистердің саясатынан, әсіресе сионистік режим, АҚШ пен Ұлыбританияның саясаттарынан бастау алады. Сауд Арабиясы сияқты режимдер де соңғы жылдары осындай саясатқа бет бұрып, аймақтың мұсылман елдерінде ұлтаралық араздық тудыруға белсене кірісті.
Сарапшылардың айтуынша, Илхам Әлиевтің 31 желтоқсан күнгі жолдауында ұлтаралық араздыққа жеткізетін сөздерден бас тартуы Бакудың тарихи-мәдени мәселелерге қатынасын өзгертіп, іс жүзінде орындаса, пантүркизмге негізделген ұлтшылдық мазмұндағы ойлар айтып, шаралар мен форумдар өткізуді және кітаптар мен ақпараттық материалдарды таратуды тоқтатып, оқулықтар мен маңызды құжаттарда және ақпараттық жарнамаларда ұлтшылдықты қоздыруды доғарса ғана оң нәтиже береді.