Помпеоның АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери араласушылығы туралы уәждері
Қаң 08, 2019 10:01 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік хатшысы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери араласушылығының салдарлары туралы сөзінде: «АҚШ-тың стратегиясы өзгерген жоқ»,- деген уәж айтты.
CNN арнасының мәліметі бойынша, Майк Помпео дүйсенбі күні Таяу Шығыс аймағына жасайтын сапарынан бұрын: «АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы стратегиясы өзгерген жоқ, тек тактикасы өзерді»,- деді. Помпео АҚШ-тың Сириядағы саясатының қате екенін мойындап: «Таяу Шығыс аймағындағы Вашингтонның одақтастары үшін америкалық күштердің Сириядан шығарылатыны туралы мәселе түсінбеушілік тудырды. Вашингтонның Иранға қарсы саясаты да өзгерген жоқ»,- деді.
Тегтер