АҚШ «Иран лаңкестікке қолдау көрсетеді деген» уәжін қайталады
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Иранды лаңкестікке қолдау көрсетеді деп тағы айыптады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео CBS News арнасының "Халықпен кездесу" атты бағдарламасында «Иран қаупімен» күресу қажеттігін айтып, Вашингтонтың лаңкестік қаупімен күресу жолындағы талпыныстарын Иранмен байланыстырды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранды лаңкестікке қолдау көрсетуде деп айыптауы Иранның өзі лаңкестіктің үлкен құрбаны болып отырған жағдайда айтылды.
Мұның алдында америкалық басшылар мен сол елдің ақпарат құралдары АҚШ-тың "Әл-Каида", ДАИШ, "ан-Носрат" майданы және тағы басқа лаңкестік топтардың дамып күшеюінде рөл атқарғанын мойындаған болатын.
Майк Помпео сұхбатының жалғасында америкалық әскерилерді Сирия жерінен шығару туралы бағдарламаға қатысты сауалға берген жауапта Сирия территориясында орналасқан 2000-ға жуық америкалық әскеридің шығарылатынын, бұл істің жүзеге асырылып жатқанын айтты.