АҚШ-тың Польшадағы Иранға қарсы конференциясы қазірден сәтсіздікке ұшырады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40879-АҚШ_тың_Польшадағы_Иранға_қарсы_конференциясы_қазірден_сәтсіздікке_ұшырады
Араб әлемінің танымал жазушысы әрі "Рай әл-Яум" газетінің Бас редакторы Абдәлбари Атауан: "АҚШ-тың Польшадағы Иранға қарсы конференциясы қазірден сәтсіздікке ұшырады",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 16, 2019 09:59 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Польшадағы Иранға қарсы конференциясы қазірден сәтсіздікке ұшырады

Араб әлемінің танымал жазушысы әрі "Рай әл-Яум" газетінің Бас редакторы Абдәлбари Атауан: "АҚШ-тың Польшадағы Иранға қарсы конференциясы қазірден сәтсіздікке ұшырады",- деді.

Rai al-Youm газетінің Бас редакторы Абдел Бари Атван АҚШ-тың Сириядан әскерилерін шығаруға мәжбүр болғанына тоқталып: "АҚШ Мемлекеттік хатшысының аймақ сапарының мақсаты – араб шейхтерінің қазынасын көбірек талан-таражға салу",- деп жазды.

Атван Помпеоның сапарын Иранға қарсы соғыс жариялап, Израильді қорғап, сүннит арабтардың НАТО ұйымын құруды көздеуі деп, ал АҚШ-тың Сириядан артқа шегінуін бұл елдің бүкіл аймақтағы жобасының сәтсіздікке ұшырауы деп атап: "Артқа шегіну – Ауғанстаннан, кейін Ирактан шарасыз түрде шығумен қатар келетін үдеріс. Ирак басшылары Помпеоның Бағдадқа алдын ала жарияланбаған, тосын сапары кезіндегі кездесулерінде оған анық түрде Иран мен Сирияға шабуыл жасау үшін Ирактағы әскери базаларын қолдануға қарсылықтарын жариялады",- деп жазды.