Иордания АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы ұсынысын қабылдамады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40909-Иордания_АҚШ_Мемлекеттік_хатшысының_Иранға_қарсы_ұсынысын_қабылдамады
Иордания королі АҚШ Мемлекеттік хатшысының ИИР-ға қарсы коалицияға қосылу туралы ұсынысын қабылдамады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 18, 2019 13:40 Asia/Almaty
  • Иордания АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы ұсынысын қабылдамады

Иордания королі АҚШ Мемлекеттік хатшысының ИИР-ға қарсы коалицияға қосылу туралы ұсынысын қабылдамады.

Иордания королі Малек Абдулла II-ге жақын кейбір дереккөздері АҚШ-тың ресми түрде Иорданияны Иранға қарсы өзекке қосылуға шақырғанын мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жуырда Иордания сапарында осындай ұсыныс жасаған, бірақ Иордания басшылығы оған осы тақырыпқа қатысты ұстанымының мүлдем басқа екенін айтқан.  

Малек Абдулла II-ге жақын дереккөздері Иорданияның басты мәселелерінің қатарында елдің экономикалық қиындықтармен күресін қолдауды, Палестина мәселесін, сионистердің әл-Ақса мешітіне басқыншылығы мен Сирия дағдарысын шешуге көмектесуді атады

Бұл дереккөздері Иорданияның Помпеоға берген жауабының кесімді болғанын және Иордания королінің мұндай коалицияларға қосылудан бас тартатынын айтқанын қуаттады.