АҚШ армиясы Иранның аймақ оқиғаларында жеңіске жеткенін мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40936-АҚШ_армиясы_Иранның_аймақ_оқиғаларында_жеңіске_жеткенін_мойындады
АҚШ армиясы өзінің жаңа зерттеулерінде Иранның аймақ оқиғаларының жеңімпазы екенін мойындады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 20, 2019 14:24 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясы Иранның аймақ оқиғаларында жеңіске жеткенін мойындады

АҚШ армиясы өзінің жаңа зерттеулерінде Иранның аймақ оқиғаларының жеңімпазы екенін мойындады.

Army Times сайтының хабарлауы бойынша, АҚШ армиясы зерттеулерінің нәтижесі Иранның аймақтағы, әсіресе Сирия мен Ирак оқиғаларында жеңіске жеткен жалғыз ел екенін көрсетті.

Осы есеп бойынша, зерттеуде АҚШ армиясының Ирак соғысындағы қателіктеріне терең талдау жасалып, Иракты басып алудың осы елдің халқына теріс әсер еткенін, Сириядағы өзгерістерде Иранның рөлі айшықты болғанын мойындады.

1300 беттік есепте 1000-нан астам құпия емес құжат қолданылып, 2003 жылы АҚШ-тың Иракқа басып кіруі мен шығуы, сондай-ақ, ДАИШ лаңкестік тобының құрылуы қарастырылған.