Венесуэла әскері Мадуроны қолдап, әскери парад өткізді
(last modified Mon, 28 Jan 2019 09:39:10 GMT )
Қаң 28, 2019 15:39 Asia/Almaty
  • Венесуэла әскері Мадуроны қолдап, әскери парад өткізді

Венесуэла әскері ел президентінің құзырында әскери парад өткізіп, президентті қолдайтынын қуаттады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Венесуэла президенті жексенбі күні Каракаста елдің Қорғаныс министрі Владимир Падриномен бірге әскерилердің парадына қатысқан рәсімде: "Бұл рәсім әлемге Венесуэла үкіметінің әскердің қолдауына ие екенін көрсетіп отыр.

Ешкім әлсіз, сужүрек және сатқын адамды сыйламайды. Бүгінгі рәсім күн сайын Колумбиядан бастау алатын әлеуметтік желілер арқылы Венесуэла сарбаздарына наразы топқа қосылу туралы мыңдаған жолдау жіберіліп жатқан жағдайда өткізілді",- деді.

Венесуэла әскерінің Мадуроға қолдау көрсетуімен бір мезгілде президентті қолдайтын бейбіт тұрғындар да "Адалдық мәңгі жасасын! Сатқындыққа жол жоқ!" деген ұрандармен интернет желісінде қолдау кампаниясын бастады.