Қаң 29, 2019 15:08 Asia/Almaty
  • Болтонның Венесуэла туралы жазбасы жанжал тудырды

АҚ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Болтон қолжазбасы суретінің жариялануы АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы әскери араласушылық қатынас қолдану ықтималын арттырды.

The Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша,  АҚ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісінің Каракасқа қарсы санкция жариялау үшін дүйсенбі күні кешке өткізген баспасөз отырысы Вашингтонның Венесуэла үкіметін өзгерту үшін әскери күштерді қолдануға жүгіну ықтималы туралы күмәнді арттырды. Бұл отырыстан кейін Болтонның қолындағы қағазға «Колумбияға 500 әскери аттандыру» деп жазған суреті жарияланды. Бұл суреттің жариялануы америкалық әскерилерді Венесуэламен шекаралас Колумбияға аттандыру туралы хабардың қоғамдық желілерде таралуына себеп  болды.

Болтон отырыста Венесуэланның Мұнай және газ компаниясына санкция салу туралы хабарлап: «АҚШ Президенті Дональд Трамп жариялағандай, Венесуэлаға қатысты барлық вариант қарастырылып жатыр»,- деді.

Америка құрлығы мемлекеттерінің арасында ешбір мемлекеттің бұл құрлықтың басқа бір елінде өз әскерилерін орналастырмайтыны туралы келісім бар.

 

 

 

 

Тегтер