Қаң 30, 2019 17:41 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың барлау қоғамы Трамптың Иран туралы уәждерін теріске шығарды

Сенаттың Барлау комитеті сейсенбі күнгі отырысында "Әлемдік қоқан-лоққыларды бағалау" деген жыл сайынғы мәлімдемесін жариялап, Трамптың Иран, Солтүстік Корея және ДАИШ-тың сәтсіздігі туралы сөздерін теріске шығарды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл мәлімдемеде Солтүстік Кореяның өзінің барлық ядролық қорын жаппайтыны, Иранның ядролық қару бағдарламасын атом бомбасын жасау үшін дамытып жатпағаны айтылды.

Осы мәлімдемеде ДАИШ-тың Ирак пен Сирияда мыңдаған лаңкесті басқаратыны, әлемнің әртүрлі жерінде сегіз бөлімшеге ие екені айтылған.

Бұл мәлімдеме АҚШ Президенті Дональд Трамп пен үкіметінің кейбір мүшелері осы уақытқа дейін «Иран атом бомбасын жасауды көздеуде» деген уәж айтқан жағдайда жарияланды.

 

 

 

 

Тегтер