Америка Венесуэлаға тағы қоқан-лоққы жасады
(last modified Mon, 04 Feb 2019 14:17:02 GMT )
Ақп 04, 2019 20:17 Asia/Almaty
  • Америка Венесуэлаға тағы қоқан-лоққы жасады

Венесуэладағы саяси дағдарыстың жалғасуымен Батыс, әсіресе Америка сол елдің жағдайын өз мүддесіне сай өзгерту үшін талпыныстарын арттырды.

АҚШ қазіргі кезеңде Венесуэланың солшыл үкіметі мен Президенті Николас Мадуроға қарсы экономикалық тәсілдерді пайдаланып, әскери күшке жүгіну туралы қоқан-лоққы жасады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мадуроны құлату үшін күш қолданатынын мәлімдеді.

Трамп жексенбі күні CBS телеарнасына берген сұхбатында Венесуэлаға қарсы Американың әскери әрекет қолдану ықтималын теріске шығармай, Американың Каракасқа қарсы бұл вариантты қолдануы мүмкін екендігін айтты. Трамптың бұл ұстанымы оның халықаралық мәселелерге қатысты Вашингтонның өз мақсатына жету үшін күш қолдануға негізделген көзқарасының белгісі. АҚШ-тың бұл ұстанымы басқа халықаралық мемлекеттердің қатаң қарсылықтарымен бетпе-бет келді. Ресей Венесуэлаға әскери араласуға қарсы екенін қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің Латын Америка департаментінің директоры Александр Щетинин Интерфакс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында халықаралық қоғамның мақсатын шекараның сыртынан араласып, зиян келтірудің орнына Венесуэлаға көмектесу деп атады.

Венесула Президенті Николас Мадуро еуропалық мемлекеттердің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шартын қабылдамай, Венесуэланың кез келген шетелдік араласудан өзін қорғауға дайын екенін қуаттады. Мадуро еуропалық мемлекеттердің сайлау өткізу үшін жасап жатқан қысымдарына қатысты: "Еуропалықтар неліктен сайлау өткізген елдерге қайтадан сайлау өткізу туралы қысым жасайды?" Себебі, өздері қалаған адам жеңіске жеткен жоқ",- деді.

Бүгін халықаралық қоғам Венесуэланның келешегіне қатысты екіге бөлінді. Бұл текетірес тек Венесуэлаға ғана қатысты емес, халықаралық жүйе мен оның келешегіне де қатысты. АҚШ басқарған Батыс әлемдік салада бұрынғы үдерістің жалғасуын, яғни әлемде Батыстың құндылықтары мен мақсаттары және мүдделерінің үстемдігін көздейді. Бұл ретте өзін АҚШ зорлық-зомбылықты пайдаланып, басқа елдерге өз талап-тілегін қабылдату міндетіне ие әлемдік полиция көреді. Бірақ, Ресей мен Қытай секілді алпауыт елдер мен әлемнің әртүрлі аймақтарындағы АҚШ-тың үстемшілдігіне қарсы әртүрлі мемлекеттер бұл ұстанымға  шынайы наразылық танытып жатыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау міндетіне ие халықаралық орган ретінде дағдарыстармен қарсыласу саласындағы маңызды рөлін қуаттады. Ұйымның Бас хатшысы АҚШ-тан біржақты саясаты мен бұл ұйымға немқұрайдылық танытудан тартынуды сан рет талап етті.