Венесуэлада АҚШ-қа қарсы "10 млн қол" жинау науқаны басталды
Ақп 07, 2019 21:08 Asia/Almaty
Венесуэла Президенті Вашингтонның осы елдің ішкі ісіне араласуына қарсы "10 млн қол" жинау науқанының басталғанын хабарлады.
TACC ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Венесуэла Президенті Николас Мадуро Twitter-дегі жеке парақшасында: "Венесуэлада бейбітшілік орнату үшін 10 млн қол жинаймыз",-деп жазды.
Мадуроның жазуы бойынша, АҚШ-тың Венесуэланың ішкі ісіне араласуына қарсы қол жинау науқаны Каракаста басталған.
АҚШ пен оның одақтастары Венесуэлаға санкция салып, оппозиционерлерді қолдау арқылы Вашингтонға қарсы ұстанымға ие осы елдің заңды үкіметін құлатуға күш салып жатыр.
Тегтер