Ақп 12, 2019 18:08 Asia/Almaty
  • Америкалық әскери ұшақтардың Дейр эз-Зорды бомбалауы салдарынан 70 адам қаза болды

Америкалық әскери ұшақтардың Сирияның Дейр эз-Зор облысындағы қосындардың бірін бомбалауы салдарынан әскери емес 70 адам қаза болды.

Fars ақпарат агенттігінің Сирияның SANA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша АҚШ басқарған халықаралық коалицияның әскери ұшақтары бүгін, сейсенбі күні таңертең Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысының шығысындағы әл-Бағуз қалашығындағы қосынға шабуыл жасаған. Қалашықта әскери емес қарапайым сириялықтар өмір сүреді.

Америкалық коалиция дүйсенбі күні де Дейр эз-Зор облысының шығысындағы әл-Бағуз қалашығын екі рет бомбалап,  20 адамның қазасына себеп  болды.

АҚШ өткен жылдары да лаңкестік топтармен күресті сылтауратып, Сирия мен Ирактағы әскери емес адамдарды нысанаға алды.  

 

 

 

 

Тегтер