Ақп 12, 2019 18:42 Asia/Almaty
  • Трамп Иран халқына деген ашу-ызасын парсы тілінде жариялады

АҚШ Президенті Дональд Трамп президенттік сайлау науқаны кезінде және 2017 жылдың қаңтар айында Ақ үйге енгеннен кейін де Иранға қарсы сөзбен шабуыл жасап, Ислам республикасы жүйесін әлсіретіп, құлатуды көздеген ұстаным білдірді.

Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатынын және Иранға қарсы ядролық мәселеге қатысты санкцияларын қайта салатынын жариялап, Иранда кедейшілік пен бейберекеттік қалыптастыру мақсатында экономикалық соғыс бастады. Сондай-ақ, Трамп үкіметі аймақ деңгейінде Американың 2017 жылғы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бойынша аймақтық коалициялар құрып, Иранның Таяу Шығыс аймағындағы рөлін жойып, бұл елді саясаттары мен әрекеттерін өзгертуге мәжбүрлегісі келді.  Ислам республикасына қарсы барлық талпыныстарына қарамастан Трамп үкіметі үлкен сәтсіздікпен бетпе-бет келді. Әсіресе Иран халқының 22 баһман шеруіне бұрын-соңды болмаған көлемде қатысуы Трамптың айқын алаңдаушылығына себеп болды. Трамп Иран халқының 22 баһман шеруіне жаппай қатысуына деген ашу-ызасын парсы және ағылшын тілдерінде жариялаған твиттерінде білдірді.  Трамп дүйсенбі күні кешке жазған күлкілі твиттерінде Иранды лаңкестікті қолдайды деп тағы айыптап: «Ирандықтар көптен бері қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Олар жақсырақ келешекке лайық»,- деген уәж білдірді.

Трамп Иран халқына жанашырлық білдірген уәждерін елдің халқына қарсы тарихтағы ең ауыр санкцияларды салып, ИИР-н бағындырмақ болып отырған жағдайда  айтып отыр.

Иран халқы өткен қырық жылда еш уақытта АҚШ-тың үгіт-насихаттары мен қысымдарына бағынбайтынын, Ислам республикасы жүйесінен теріс айналмайтынын және өз тәуелсіздігінен айрылып, Вашингтонның зорлықшыл талаптарын қолдамайтынын дәлелдеді. АҚШ    экономикалық ауыр қысым жасап, үгіт-насихаттық соғыс жүргізіп, Иранды бағындырамын деп ойлайды. Сол себепті Трамп үкіметі санкцияларды құрал ретінде пайдалану арқылы Иран халқының тұрмысын қиындатып, елде бейберекеттік тудыруды көздейді.

АҚШ-тың бұл саясаты Иранның ішкі істеріне араласу,  халықаралық құқық тұрғысынан толығымен заңсыз әрі халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарғысына қарсы саналады. Трамптың Иранға қатысты ұстанымы оның ирандықтарды дұрыс танымайтынын дәлелдеді. Өткен қырық жылғы тәжірибе Иранға қарсы сыртқы қысым артқан сайын елдегі ішкі бірлік пен біртұтастықтың арта түскенін паш етті.

 

 

 

 

 

 

Тегтер