Венесуэла оппозициясының басшысы америкалық көмектің бірінші партиясының жеткенін хабарлады
Ақп 12, 2019 18:54 Asia/Almaty
АҚШ-қа тәуелді Венесуэла оппозициясының басшысы Хуан Гуайдо дүйсенбі күні АҚШ-тың гуманитарлық көмегінің бірінші партиясының жеткенін хабарлады.
"Рейтерс" агенттігінің мәліметі бойынша, Гуайдо сырт көзге азық-түлік өнімдері сияқты көрінетін бумалардың суреттерін көрсеткенімен оларды қалай алғанын жазған жоқ.
Венесуэла Президенті Николас Мадуро Гуайдоның Америкадан гуманитарлық көмек алу туралы талпыныстарына реакция білдіріп: "Кейбіреулердің Венесуэлада гуманитарлық тұрғыдан төтенше жағдай орнады деп ойлауы – америкалық басшылардың ойынан шығарылған үгіт-насихаттарының салдары. АҚШ Венесуэланың ішкі істеріне араласу үшін сылтау іздеп отыр",- деді.
Тегтер