The Washington Post: «Саударабиялық әйелдің елші міндетіне тағайындалуы – көзбояушылық»
The Washington Post газетінің сарапшысы Сауд Арабиясының бір әйелді АҚШ-тағы елшісі етіп тағайындауын эр-Риядтың өзінің әлемдегі келбетін түзеу үшін жасаған көзбояушылығы деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд үкіметі сенбі күні Сауд Арабиясының Барлау қызметінің бұрынғы басшысы Бандар бен Сұлтан бен Абдулазиздің қызы Риманы елінің АҚШ-тағы жаңа елшісі деп таныстырды.
The Washington Post газетінің сарапшысы Карен Атия Twitter-дегі жеке парақшасында осы тағайындауға реакциясында: «Бен Салманның әйелдерді олардың құқықтарын сақтау үшін емес, Батыс елдері алдындағы өз келбетін жақсарту үшін қолданатынын барлығы біледі»,-деп жазды.
Карен жазбасының жалғасында Сауд Арабиясындағы әйел белсенділерінің дағдарысына тоқталып, Римадан бұл елдің түрмелерінде қамауда жатқан әйелдер туралы түсініктеме беруін сұрау керектігін айтты.
Атия Al-Arabia мен Сауд Арабиясына бағынышты басқа ақпарат құралдарының Риманың елші лауазымына тағайындалуына қатысты шараларын да қоғамдық пікірді Хашогджидің өлімінен алдарқату үшін жасалған талпыныс деп атады.