Ақ үй Трамп келіссөздерінің жеңілісін ақтауға талпынды
Ақ үйдің ақпарат хатшысы АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары келіссөздерінің жеңіліс табуының себебін Трамптың "АҚШ халқының қамын ойлауымен-мыс" байланыстырды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сара Сандерс Twitter-дегі жеке парақшасында: "Обама Иранмен жасалған нашар келісімнен шыққан жоқ. Ал Трамп Иранға, Солтүстік Корея мен басқа елдерге қатысты мұндай қателік жасаудан бой тартып отыр",-деп жазды.
Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо Трамптың "Солтүстік Корея өзіне салынған барлық санкцияның жойылуын талап етті" деген уәжін қате деп атап: "Солтүстік Корея басшылар саммитінде тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кейбір санкцияларын ғана алып тастауды сұрады. Бұл санкциялар елдің экономикасы мен халықтың тұрмысына зиян тигізіп отыр. Оның есесіне Солтүстік Корея Йонбёндағы ядролық нысанды толығымын жоюды ұсынды.
АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық қарусыздану жолында көбірек шара атқаруды талап еткендіктен екі ел келісімге келе алмады",-деді.