Помпео Иранның мұнайына қатысты уәж айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i41521-Помпео_Иранның_мұнайына_қатысты_уәж_айтты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-на қарсы дұшпандық саясаттарының жалғасында Вашингтонның Иранның шикі мұнай өндірісін тоқтатуды көздеп отырғаны туралы уәж айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 14, 2019 09:17 Asia/Almaty
  • Помпео Иранның мұнайына қатысты уәж айтты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-на қарсы дұшпандық саясаттарының жалғасында Вашингтонның Иранның шикі мұнай өндірісін тоқтатуды көздеп отырғаны туралы уәж айтты.

 

"Спутник" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео сейсенбі күні Техастың Хьюстон қаласындағы энергетика тақырыбына арналған апталық отырыста әлемнің, әсіресе Азия мен Еуропаның  мұнай өнеркәсіптерін  АҚШ-тың сыртқы саясатын ілгерілету үшін Вашингтонмен ынтымақтастық жасауға шақырды. 2018 жылдың мамыр айында АҚШ  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң тамыз пен қараша айларында Иранға бұрынғы санкцияларын қайтарды. Вашингтонның бұл заңсыз әрекетінің маңызды бөлімі Иранның мұнай экспортына тыйым салуды нысанаға алды. Бірақ, Қытай, Ресей, Үндістан және Түркия Вашингтонның саясатын қолдамағандықтан АҚШ Иран мұнайына толық санкция салу мақсатынан артқа шегінуге мәжбүр болды.