ШЫҰ-ның Бас хатшысы Иранның ұйымның ресми мүшесі болуына мүдделік танытты
Нау 21, 2019 15:44 Asia/Almaty
Шанхай Ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы бұл ұйымның Теһранның ресми мүшелігі туралы Иранмен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойнша, Владимир Норов сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде ШЫҰ-ның тұрақты және бақылаушы мүшелері арасындағы ынтымақтастықтарды дамыту үдерісіне тоқталып: «Ұйым мүшелері Иранның ресми мүшелігін қолдайды. Ұйымға мүше елдер жан-жақты, әсіресе экономикалық және сауда саласындағы ынтымақтастықтарын арттырып жатыр»,- деді.
Тегтер