АҚШ-тың саудиялықтарға ядролық технология сату туралы құпия рұқсат бергені әшкереленді
Жария болған бір құжат бойынша, АҚШ Сауд режиміне ядролық технология сату туралы алты құпия рұқсат берген.
Reuters ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі жарияланған құжат негізінде хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перри америкалық компанияларға Сауд Арабиясына ядролық технология сату және осы салада көмектесу үшін алты құпия рұқсат берілгенін растады.
Бұл ақпарат агенттігі өткен айда да АҚШ Конгресіндегі демократ өкілдердің ниетін әшкерелеп, осы ел үкіметінің қазіргі және бұрынғы бірқатар қызметкерінің АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері және Ақ үйдің басқа жоғары лауазымды қызметкерлерінің үсті-үстіне қарсылық білдіргеніне қарамастан, Сауд Арабиясына атом электр стансаларын сатуға талпыныс жасап жатқанын хабарлаған болатын.