Брайан Хук Иран мұнайына салынған санкция туралы пікір білдірді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «АҚШ-тың өзінің адамзатқа қарсы мақсаттары мен бейбастақ әрі сұрқия талап-тілектеріне жету үшін басқа елдерге зорлық көрсететін заманы өтті»,-деп қуаттады.
Бахрам Ғасеми бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қарсы шаралар тобының басшысы Брайан Хуктың Вашингтонның осыдан былай Иранға қарсы санкциялардан босатуға рұқсат бермейтіні туралы сөздеріне реакциясында: «Брайан Хук «Иранға тиісу» деген созылмалы ауруға шалдыққан. АҚШ-тың мемлекеттік қызметкерлері бұдан былай аймақ пен әлемнің өзгерістері АҚШ-тың талап-тілектері аясында орындалмайтынын білуі тиіс»,-деді.
Брайан Хук бейсенбі күні Вашингтонның Теһранға қарсы негізсіз уәждерін қайталап: « Ешбір ел үшін Иранның мұнайына салынған санкциядан босату рұқсаты ұзартылмайды»,-деді.
Брайан Хуктың бұл уәждері АҚШ үкіметінде Иран мұнайын сатып алатын 8 ел үшін мұнай санкциясынан босатуды ұзартуға қатысты қайшылықтар байқалған жағдайда айтылып отыр.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың мамыр айында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін бұл елдің Иранға қарсы біржақты санкциялары қайта күшіне енді. Иран мұнайын экспорттаудың алдын алу үшін салынған санкция – солардың бірі.
АҚШ Иран мұнайына санкция салу және оны экспорттауды тоқтатудың мүмкін еместігін түсінгеннен кейін Иран мұнайын сатып алатын 8 елге 6 айға мұрсат берді. Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Үндістан, Қытай, Түркия, Тайвань мен Грекия Иранның мұнайына салынған санкциядан босатылған елдердің қатарына жатады.
АҚШ-тың бүгінгі үкіметі біржақты негізде кез келген тәсілмен Иран халқы мен үкіметіне қысымдарды арттыруға күш салуда, сөйтіп өз мүдделерін қамтамасыз етуді көздеп отыр. АҚШ-тың Иран мұнайына санкция салуға талпынуы ИИР жоғары лауазымды басшыларының кесімді реакциясына ұшырады.
ИИР-ның Вице-президенті Исхақ Джахангири жуырда Жапонияның Киодо ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Егер Иран өзінің негізгі табыс көзінен айырылса, Теһран үнсіз қалмайды. Тиісті уақытта қажетті шара қолданады»,-деп қуаттады.
Мұнымен қоса, Иранның географиялық жағдайы АҚШ-қа Иран мұнайын әлемдік нарықтардан толық алып тастауға рұқсат бермейді. Иран әртүрлі тәсілдермен өз мұнайын бұрынғы және жаңа сатып алушыларға сатады. Осы аяда Иран үкіметі Ресей, Қытай мен басқа елдерге мұнайды көбірек сату мақсатында маңызды келіссөздерді бастап кетті.
Иран мұнайын әлемдік нарықтан алып тастаудың салдарларын болжау мүмкін емес. Сол себепті Иран мұнайын сатып алатын басты елдерге берілген 6 айлық мерзімнің аяқталуына жақын қалғанда АҚШ үкіметі ішінде Иранның мұнайына санкция салуды қолдайтын және қарсылық білдіретін екі көзқарас қалыптасты.
Reuters ақпарат агенттігі жуырда бір мақалада: «АҚШ Иран мұнайы экспортының азаю үшін қатты қысым жасаудың әлемдік нарыққа оқыс соққы беретінінен алаңдайды. Сол себепті Иран мұнайы экспортын тоқтату (нөлге жеткізу) өте қиын»,-деп жазды.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі жағдайын назарға алсақ, АҚШ басқаларға қысым жасау арқылы әлемдік өзгерістерді бұдан былай Ақ үй басшыларының қалауына қарай ілгерілете алмайды. ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысының айтуынша, Брайан Хуктың Иранның мұнайына санкция салу туралы жағымсыз сөздері оның халықаралық сахнада АҚШ-тың қазіргі тұрақсыз әрі орнықсыз жағдайынан хабарсыз екенін көрсетеді.